Жаңалықтар

Қызылордада соттылығы бар 30-ға жуық мұғалім сабақ беріп келген

Қызылордада соттылығы бар 30-ға жуық мұғалім сабақ беріп келген
Фото: © Pixabay.com 19.12.2023 19:33 943

Прокурорлар Қызылорда облысының мектептерінде өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 мектепте соттылығы бар және медициналық мекемелерде "Д" есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру фактілері анықталған.

Облыс прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізуде.

Алғашқы тексеру нәтижелерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды.

Кейбір мектепте бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған. Жұмыс істемейтін бейнекамералар бар. Салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.

Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген.

26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді, - делінген Қызылорда облысының прокуратурасы хабарламасында.

Айта кетейік, мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға