Жаңалықтар

Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды

Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды
Фото: Polisia.kz 08.11.2024 14:00 485

Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар. Бүгін осы мекемеде қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерінің қатысуымен 34 жастағы Д.есімді әйелдің некесі қиылып, неке қию куәліктері табысталды. 

Сотталғандар үшін заңды некеге тұру, оның түзеліп, өз орнын табуына және болашақта отбасылық жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді. Мекемеде жыл басынан 3 сотталған заңды некеге тұрған. Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері мен психолог маманы сотталғандарға үздіксіз тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік тұрғыда бейімдеп, психологиялық қолдау көрсетеді. Олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңісіп кетеді, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Сотталған әйел бостандықта кездескен азаматпен заңды некеге тұғанын айтты.

Отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайық, – дейді сотталған әйел.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға