Қызылордада құтқарушылар мектеп оқушысын аман алып қалды
03.12.2024 21:18
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылорда облысында ТЖМ құтқарушылары кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 112 пультіне Қызылорда қаласы Арай шағын ауданындағы тұрғыны, баласының басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалғаны туралы айтылды.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, гидравликалық құралмен темірді кесіп, баланың басын темірден шығарып берді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Кейін аман қалған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірген.

