Жаңалықтар

Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен баланы құтқарды

Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен баланы құтқарды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 07.10.2024 06:25 436

Қызылорда қаласында құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен 7 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға қала маңындағы Ж.Махамбетов ауылында болды.

«Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың аяғына кіріп кеткен айырды арнайы слесарлық құралдардың көмегімен кесті. Баланы жәдел жәрдем қызметіне тапсырды», - деп мәлім етті

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағынан. Сондай-ақ Қызылорда облысында биыл балалардың суға кетуі алаңдатып отыр.

Қызылорда облысында биыл су айдындарында әртүрлі жағдайлар мен оқыс оқиғалар салдарынан 21 адам көз жұмды.

Өткен жылдың сегіз айында облыста 29 адам суға кетіп қаза болған еді. Оның ішінде 8-і бала. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы адам қазасы 27% төмендеп тұр. Дегенмен биыл 11 баланың суға кетуі алаңдатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға