ҚР ТЖМ

Қызылордада құтқарушылар арыққа құлап кеткен жылқыны шығарып алды

Құтқарушылар жылқыны арықтан сыртқа шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 23 наурызда Қызылорда қаласының «ПМК-23»саяжайындағы «Керуен» демалыс орны маңындағы арыққа жылқы құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны арықтан алып шықты.

Жылқы иесі құтқарушыларға алғысын білдірді.