Жаңалықтар

Қызылордада полиция бастығы суға батқан баланы құтқарып қалды

Қызылордада полиция бастығы суға батқан баланы құтқарып қалды
Фото: Видеодан кадр 15.03.2024 22:15 1040

Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев демалыс орнына отбасымен барған. Қайтуға жиналып жатқанда әйелдің бассейннен шыға алмай қалған баланы құтқаруды сұраған айқайлаған дауысын естіді.

Бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған Есенкелдиев бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шықты.

Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Бала көкпеңбек болып, демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел-жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жағдайын хабарласып біліп отырдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл бала тоғызыншы балам болады, - дейді ҚАЖД бастығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға