Қызылордада өрт сөндірушілер өндірістік цехты өрттен аман алып қалды
03.07.2025 06:34
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылорда қаласында жергілікті өрт сөндірушілер өндірістік цехты жалыннан аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс орталығындағы оқыс оқиғаға шақырту бойынша өрт сөндірушілер Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан, аула ішіндегі аумағы 400 шаршы метрді құрайтын пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу цехына жедел жетті. Өтініш берушінің хабарлауынша, цех ішінде өрт шыққан көрінеді.
Қызметкерлер өрттің кең аумаққа таралуына жол бермей, оны небәрі 25 шаршы метр аумақта оқшаулап, бірнеше минут ішінде толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев жұмыс жүргізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

