Жаңалықтар

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

Тергеу әрекеттері жалғасады
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: inbusiness.kz 06.12.2022 18:25 1496

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға