Жаңалықтар

Қызылордада мүгедек жанның құқығы қорғалды

Қызылордада мүгедек жанның құқығы қорғалды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 15.09.2024 06:33 440

Қызылорда облысында сот белгісіз себеппен тұрғын үй алу кезегінен шығарылған бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынына қатысты аудан әкімінің тиісті қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мүмкіндігі шектеулі жан 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. Алайда екі жылдан кейін ол белгісіз себептермен осы кезектен шығарылған. 

2023 жылы ер адам аталған санат бойынша қайтадан кезекке тұрғызылған. Бірақ ол сотқа жүгініп, 2012 жылдан бастап кезекті қалпына келтіруді талап еткен. Кезектен негізсіз шығарылғанын және өзінің тіркелген тұрғын үйдің жоқтығын көрсеткен. Қазіргі уақытта талап қоюшы туыстарының үйінде тұрады. 

«Сотта талап қоюшының атына жылжымайтын мүлік тіркелмегені анықталды. Тұрғын үй комиссиясының хаттамасы және талап қоюшының кезектен шығару туралы жазбаша өтініші, тіркелген жылжымайтын мүліктің болмауы негізге алынды. Осыған байланысты мамандандандырылған ауданаралық әкімшілік сот аудан әкімінің тиісті қаулысының күшін жою арқылы талап қоюды қанағаттандырды. Сот облыстық тұрғын үй басқармасына қатысты заң бұзушылықтарды көрсетіп, жеке ұйғарым шығарды. Аудан әкімі бұл шешімге дау айту барысында әкімнің қаулысына шағымдану мерзімі өтіп кеткенін атап көрсеткен. Облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада күйеуінен қорқып, балконнан секіріп кеткен әйел мүгедек болып қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға