Жаңалықтар

«Қызылордада мектепке жарылғыш құрылғы қойылды»: полиция мән-жайды тексерді

«Қызылордада мектепке жарылғыш құрылғы қойылды»: полиция мән-жайды тексерді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 24.04.2023 14:39 948

Қызылордада мектепке жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияының мәліметінше, адамдар эвакуацияланып, ғимарат толық тексерілген.

24 сәуір күні полицияға Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел қызмет адамдарды эвакуацияланып, ғимаратты толық тексерді: тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмаған, - делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.

Айта кетейік, терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін ҚР ҚК 273-бабында жаза қарастырылған. Осы бап бойынша кінәлі адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға