Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды
05.06.2025 11:32
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Әлеуметтік желіде Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызылорда қаласының білім бөлімі ақпаратты растап, оқиғаға байланысты жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат туралы төмендегі мәліметті хабарлайды. Осы жылдың 28 мамыр күні, сағат 06:20 шамасында Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы өз ауласында өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайымен құқық қорғау органдары тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр.
Оқиға мектеп қабырғасында болмаған. Сондықтан әлеуметтік желі қолданушыларына жалған ақпарат таратпауды сұраймыз, - делінген қалалық білім бөлімі хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

