Жаңалықтар

Қызылордада мектеп компьютерімен порно сайтқа кірген

Қызылордада мектеп компьютерімен порно сайтқа кірген
Фото: © El.kz 11.08.2023 03:20 1075

Жалағаш ауданының прокуратурасы барлық мектепте білім алушылардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа еркін қолжетімділік бар екендігін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалағаш ауданының прокуратурасы білім беру саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген болатын. Талдау нәтижесінде аудан мектептерінде білім алушылардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа еркін қол жетімділік бар екендігі анықталды.

Олардың бірінде, 9:45 шамасында веб-браузер көмегімен порно сайтты іздеу жүзеге асырылған. Ал ауданның басқа мектептерінде де заңнамамен тыйым салынған ақпаратқа (порносайттар, құмар ойындарға арналған сайттар және т.б.) еркін қолжетімділік бар екені белгілі болды. Осыған қарамастан, жалпы білім беру мектептерінің басшылығы «Білім туралы» Заңның 43-бабы 3-тармағының 11-3) тармақшасының талабын сақтамай, балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының қызметтерін қосуды қамтамасыз етпеген. Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторы түрлі тарифтер шеңберінде тыйым салынған сайттарға кіруді шектеу (бұғаттау) қызметтерін көрсетуде. Аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша ауданның барлық 20 мектебінің басшылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 345000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Сондай-ақ ауданның 8 мектебі байланыс операторымен жаңа шарттар жасасnы. Ал 12 мектеп үшін бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінді. Аталған бұзушылықтар оқу жылы басталғанға дейін жойылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға