Жаңалықтар

Қызылордада көпірден секірген ер адам көз жұмды

Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Қызылордада  көпірден секірген ер адам көз жұмды
Фото: @POLICE_of_KZ 17.12.2022 15:59 848

Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті. 

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға