Жаңалықтар

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.09.2023 15:48 704

Қызылордада көлікті мас күйде басқарған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күнделікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік тізгіндейтін жүргізушілерді анықтау жұмыстарын күшейтіп жатыр. Осы орайда патрульдік полиция қызметкерлері 19 қыркүйек күні жергілікті уақыт 05:05 шамасында өзінің басқаруындағы Toyota Hilux автокөлігін тоқтатқан. Оның масаң күйде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама рәсімделді.

Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға