Жаңалықтар

Қызылордада көлік ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордада көлік ұрысы қылмыс үстінде ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.02.2024 04:25 819

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, оқиға өңір орталығында болған. Әккі ұры ұрлық жасауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген.

5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған.
Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда полицейлер жас жігіттің қала аумағында жасалынған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға