Жаңалықтар

Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылды

Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылды
Фото: © Polisia.kz 25.08.2023 15:45 763

Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылып, ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы бейнекамералармен жұмыс атқару барысында женіл автокөліктің орталық көшелердің бойында қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққанын, сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсіне өткенін байқайды. Дереу бағыт-бағдар беріліп, автокөлік патрульдік полиция бекетімен тоқтатылды.

Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Осыған сәйкес құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) және 596 бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға