Жаңалықтар

Қызылордада караоке клубы өртеніп кетті

Қызылордада караоке клубы өртеніп кетті
Фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі 23.06.2023 17:37 726

Қызылорда қаласында көлемі 425 шаршы метрді құрайтын караоке клубы өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

23 маусымда сағат 04:04-те 101 пультіне Қызылорда қаласы Ғ. Мұратбаев көшесі №77 мекенжайда орналасқан караоке клубының жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

Шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінен 8 техника 38 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімінің мамандары көлемі 425 шаршы метр болатын бір қабатты караоке клубы толық жанып жатқаны анықтады.

Қызылордада караоке клубы өртеніп кетті


Өрт сөндірушілер караоке клубтың жапсарлас салынған жаздық тамақтану орны, жобалау құрылыс мекемесі тұрған ғимараттарға таралуына жол берген жоқ. Өрт 05:22-де оқшауланып, 05:34-те толық жойылды. Қаза болғандар, жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуды.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінен 38 қызметкер мен 8 техника барды. Сондай-ақ, апаттар медициналық орталығы, Полиция департаменті , электр торабы мекемелерінен мамандар келді.

Қызылордада караоке клубы өртеніп кетті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға