Қызылордада егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
19.06.2023 21:24
Фото:
© Polisia.kz
Қазіргі кезде күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 ж.т. сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.
ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген полицияның хабарламасында.

