Жаңалықтар

Қызылордада білім бөлімінің басшысы қызметін асыра пайдаланған

Қызылордада білім бөлімінің басшысы қызметін асыра пайдаланған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.04.2024 14:32 684

Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілері анықталды.

Нақтылағанда, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысыилауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023 жылдар аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27млн қаражат негізсіз аударылған.

Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға