Жаңалықтар

Қызылордада ауыл әкімдерінің форумы өтті

Қызылордада ауыл әкімдерінің форумы өтті
Фото: «AMANAT» партиясы 01.11.2024 22:23 355

«AMANAT» партиясы Қызылордада ауыл әкімдерінің форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда «AMANAT» партиясының бастамасымен ауыл әкімдерінің облыстық форумы өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ауылдық аумақтарды дамыту, қаржылық дербестік пен ауылдық округтер әкімдері сайлауын іске асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры Нұрлан Мақсұтов, барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат төрағасы мен депутаттары, басқарма, департамент және құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

✔️Жиында партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына тоқталып, Қызылорда облысы – өндірістік, логистикалық және транзиттік әлеуеті зор аймақ екенін атап өтті.

Сыр өңірінде агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағыттары қарқынды дамып келеді. Күріш өндірісінің басым бөлігі де осы аймаққа тиесілі. Жаңа әуежай терминалы мен автовокзал, оқушылар үйі, музыкалық колледж, үстел теннис орталығы, физика-математикалық мектеп-интернаты, 10 мың орындық стадион сынды нысандарға қарап-ақ құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқанын байқауға болады. Халқымызда «Ауылына қарап азаматын таны», деген керемет сөз бар. Қай кезде де ауылдағы мәселенің барлығын әкімімен байланыстырамыз. Өңірдегі Нағи Ілиясов, Бесарық, Таң ауылдарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікіші өзге ауылдарға да үлгі болса дейміз, – деді партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға