Қызылордада аулада тұрған көлік өртеніп кетті
25.06.2024 19:30
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қызылорда қаласында тұрғын үй ауласында тұрған жеңіл авткоөлік өртенді. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
112 қызметіне шақырту түсіп, оқиға орнына өрт сөндірушілер санаулы минутта жеткен.
Төтеншеліктер қызыл жалынды 16 минутта толықтай сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

