Жаңалықтар

Қызылордада алимент төлеуден жалтарып жүргендерден 40 млн өндірілді

Қызылордада алимент төлеуден жалтарып жүргендерден 40 млн өндірілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.03.2024 09:32 591

Қызылорда облысында екі ай көлемінде жауапсыз әкелерден 40 млн теңге алимент өндірілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 64 борышкер әке әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.

Баласына алимент төлемеу үшін жұмыс орындарын жасыратын әкелер де белгілі болған. Соның бірі Қылмыстық кодекстің 139-бабымен қылмыстық істі тіркеді, айыпталушы сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкердің үстінен қылмыстық іс тіқозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға