Қызылорда облысы Сарыарқа ауданында мал бағуға шыққан ер адам адасып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушыларға 1967 жылы туған ер кісінің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ондағы мәліметке сүйенсек, кеше таңғы уақытта жергілікті тұрғын мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Туыстарына ол телефон арқылы қатты тұман салдарынан жергілікті жердегі бағдарын жоғалтқанын және адасып қалғанын хабарлап үлгеріпті. Құтқарушылар дереу іздеуге шықты.
Төтеншеліктер бүгін таңғы уақытта оны "Бимағамбет" шаруа қожалығынан алыс емес жерде тауып алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

