Жаңалықтар

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер қамауға алынды

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер қамауға алынды
Фото: © Pixabay.com 15.08.2024 13:04 695

Қызылорда облыстық соты 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікпен кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні екі айға қамауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қызылорда соттарының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп түскен шағымдарды қарап, күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін, күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанын ескере отырып, шағымды қанағаттандырып, тергеу сотының қаулыларын өзгертіп, күдіктілерге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды", - делінген жазбада.

Еске салайық, Қызылордада сыныптастары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген ақпарат тараған.

ІІМ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кәмелетке толмаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға