Жаңалықтар

Қызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Қызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 14:02 739

Қызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның дерегінше, 1 тамыз сағат 12:00 шамасында 14 жастағы Диас Абдраманов үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Алайда жасөспірімнің анасы бес күн бойы “достарының үйінде жүрген” деген себеппен ұлын іздемей, бейқамдық танытқан. Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 6 тамызда түнгі уақытта іс тіркеліп, іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Полиция қызметкерлерінің күшімен жасөспірімнің араласатын достары, қаланың көпқабатты шатырлары және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар тексеріліп, фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 14 жастағы жасөспірім 7 тамыз сағат 13:00 шамасында аман-есен табылды. Ювеналды бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға