Қызылорда облысында тұрғындар 120-дан астам киікті атып алған
07.03.2025 21:08
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, 6 наурызда өңір полицейлері Volkswagen Crafter көлігін тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен 39 киіктің өлексесін тапты. Сонымен қатар жеке үйді тексеру кезінде тағы 84 өлексе, 14 бас және 6 тері анықталды.
Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

