Қызылорда облысында төбелестен 9-сынып оқушысы көз жұмды
07.02.2025 23:00
Фото:
©Pixabay.com
Қызылорда облысында жасөспірімдердің төбелесі адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жығып, салдарынан оқушы көз жұмған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, полиция барлық материалдарды зерттеп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар басқа екі адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оларға қатысты сот үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - делінген ведомство мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

