Қызылорда облысында қой бағып жүрген азамат каналға батып кетті
26.07.2023 11:16
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы азамат каналға суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар қызметіне 25 шілдеде сағат 17:28-де Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
Оқи отырыңыз:
1979 жылғы азамат қой бағып жүріп, "Жарма" суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен жансыз денесі табылып, судан шығарылды, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 22 адам суға кетсе, оның 6-ы бала.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

