Жаңалықтар

Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланды

Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.06.2023 16:57 854

Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаздың алғашқы күндерінен бастап тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектен уланған науқастар саны өсіп келеді.

Маусым айында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдерінен (қарбыз) пайда болған жіті ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынды. Қарбыз жаздың алғашқы айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары, - деп мәлімдеді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын облыс тұрғындары арасында жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдығу республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары болып отыр.

Биылғы 5 айда облыс көлемінде жіті ішек инфекциясының 371 жағдайы тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға