Қызылорда облысында креаторларға арналған бизнес-клуб ашылды
13.09.2024 19:13
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қызылордада CREATIVE ORDA бизнес-клубы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама креативті бизнес өкілдері арасындағы тәжірибе алмасу, нетворкингті және отандық брендті қолдауға бағытталған. Аталған клубта кәсіпкерлер үшін практикалық жұмыстар мен мастер-класстар өткізілетін болады.
Қазіргі уақытта клубқа 30 кәсіпкер мүше болып тіркелген. Кызылорда облысында жалпы 3467 креативті индустрия субъектісі жұмыс істейді. Негізгі бағыттары – қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер.

