Жаңалықтар

Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
Фото: Polisia.kz 06.01.2025 10:18 315

Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самара – Шымкент М-32  тасжолында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері Байқоңыр қаласында жылдамдық режимін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 19 келіден аса кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Есірткі шамамен 20 млн теңгеге бағаланды.

Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші  Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға