Жаңалықтар

Қызылорда облысында ер адам 20 жастағы әйелін ұрып өлтірді

Қызылорда облысында ер адам 20 жастағы әйелін ұрып өлтірді
Фото: egov.press 22.07.2024 11:13 2395

Қызылорда облысында ер адам 20 жастағы әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғыны Біржан Жаңабай әйелін қатыгездікпен өлтіріп, қашып кеткен. Зорлық белгілері бар әйелдің денесі 21 шілде күні таңертең өз үйінде табылды. 

Оқиғаға қатысты Қызыорда облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді полиция өкілдері.

Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға