Жаңалықтар

Қызылорда облысында елуден астам тұрғын қоныс тойын тойлады

Қызылорда облысында елуден астам тұрғын қоныс тойын тойлады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі 10.01.2024 01:29 733

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде 53 отбасығабаспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен шараға Жигули Дайрабаев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев көпшілікті қуаныштарымен бөлісті.

Халықты баспанамен қамту - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты. Жыл сайын аймақта пайдалануға берілген тұрғын үй саны артуда. Өткен жылы 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды. Осылайша 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл мемлекеттік бюджеттен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», – деп атап өткен еді. Былтыр аймағымыздың барлық ауданында 450-ге жуық отбасы баспана қуанышына кенелді. Бүгін Тасбөгет кентінде 53 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі, - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев пен Мархабат Жайымбетов баспана кілтін алған тұрғындарды құттықтады. Қоныстой иелерінің атынан мектеп мұғалімі Мереке Тауманова қуанышын жеткізіп, аймақ басшысына алғыс білдірді.
Іс-шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары мен құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға