Жаңалықтар

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды
Фото: © Polisia.kz 22.11.2023 04:16 699

Қызылорда облысында 19 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Қызылорда облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 19035 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 18660-ы ТМД елдерінен, ал 375-і алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 1058 шетелдік анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 237 шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 82 шетелдік шығарылды.

Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның 448 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 70 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шара көрілді, – дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон полиция басқармасының бастығы Аруын Жолдасбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға