«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды заңсыз аулағандар ұсталды
17.10.2024 07:29
Фото:
Polisia.kz
Ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

