Қызы коммуналдық төлемдерді үнемдемегені үшін анасына қайнаған су құйған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Gazeta.Ru мәліметінше, 34 жастағы Барнаул тұрғыны анасымен жанжалдан кейін кек алуды мақсат еткен.
Қаңтар айында олар коммуналдық қызметтердің тарифы көтерілуіне қарамастан, анасының жуынатын бөлмеге жиі баратыны үшін ұрысып қалған. Осыдан кейін, анасының ваннада отырған сәтін пайдаланып, қызы шәугіммен қайнаған су құйған. Нәтижесінде әйел қатты күйік алды.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенмен, бірнеше күннен кейін жүрегі тоқтап қалған. Күдікті ұсталды, қазір ол қамауда. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

