Жаңалықтар

Қызметтік міндетін атқару кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

Қызметтік міндетін атқару кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
Фото: ТЖМ 07.10.2024 09:37 1150

6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Министрлік қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға