Жаңалықтар

«Қызметте беделді». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды

«Қызметте беделді». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды
Фото: facebook.com 09.02.2024 11:15 13486

Түркістанда екі баласын өлтірген әйел ешқандай диспансерлік есепте тұрмаған. Ұжым, ата-ана және оқушылармен қарым-қатынасы бірқалыпты болған көрінеді, - деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Мұны Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов айтты. Оның сөзінше, балаларын өлтірді деген күдікті тәрбиеші емес, мұғалім болып жұмыс істеген екен.

Түркістанда болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған әйел Шиелі ауданындағы білім беру ұйымында 2014 жылдан бері мұғалім қызметін атқарып келген. Оқиға болған 7 ақпан күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады, - деді басқарма басшысы. 

Еске салайық, 7 ақпанда Түркістанда әйел жалдамалы пәтерде екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға