Қызметкерлерінен ақша жинаған полиция полковнигі қызметінен босатылды
Фото: kaz.zakon.kz
Фото: kaz.zakon.kz
18.12.2022 15:25
1371
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметкерлеріне күш қолданған соң қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Онда «Киллер» лақап аты бар делінетін бастықтың орынбасары Алдабергенов қызметкерлерді кабинетіне кіргізіп ұратыны және қорқытып ақша сұрайтыны жазылған және екі видео жүктелген.
Әріптестерінің сөзінше, Алдабергенов жұмыс орнында әскери формамен емес, шолақ шалбар (шорты) және майкамен жүреді, мұны видеодан да байқауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Светқали Нұржанның «Балладалар» атты кітабы жарық көрді