Жаңалықтар

"Қызды болғым келеді". Белгілі блогер Айжан Байзақова арманын айтты

"Қызды болғым келеді". Белгілі блогер Айжан Байзақова арманын айтты
Фото: instagram.com/bayzakova 18.12.2023 01:37 1050

Танымал қазақстандық блогер Айжан Байзақова бүгін, 2023 жылдың 17 желтоқсанында қыз босанғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Айжан Байзақова Instagram желісіндегі оқырманының тосын сауалына жауап берді. Одан оқырманы жаңа туған ұлы кімге ұқсайтынын сұраған. Жауап беру кезінде ол енді қызды болғысы келетінін жасырмапты, үшінші баласының өзі сияқты болғанын қалайтынын да айтқан.

Блогер сондай-ақ нәресте күтіміне енесі мен анасы көмектесетінін атап өткен.

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 қарашасында Айжан Байзақова екінші рет ана атанған еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға