Жаңалықтар

Қыздардың тәрбиесінде күйеуімнің шаруасы жоқ - Алтынай Жорабаева

Қыздардың тәрбиесінде күйеуімнің шаруасы жоқ - Алтынай Жорабаева
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva 26.05.2023 16:32 9383

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуі мен қыздарының арасындағы қарым-қатынас туралы айтты, деп хабарлайды

Ол “1001 түн” бағдарламасында қонақта болған еді.

Күнде концерт болып жатқан жоқ. Сондықтан көбінесе үйдемін. Мұғалім, дәрігер сияқты мамандарға қарағанда балаларыма көбірек уақыт бөлемін. Өйткені олар күні кешке дейін жұмыста, жұмыстан келе сала тамақ әзірлейді. Біздің үйде айына бір рет міндетті түрде жиналыс болады. Бесеуімізі отырып, біреуінің мінезі шатақ болып жатса, үлкендерден талап етеміз, ортаға саламыз. Оны ұрысып, кейін жылы жауып қоюға болмайды. Қыздардың тәрбиесінде күйеуімнің шаруасы жоқ, - деді Алтынай Жорабаева.

Әнші күйеуінің үйге мейірімі ғана керек деп айтты. Ер азаматтың қатал тәртібі керек емес, ананың қаталдығы жетеді деп отыр.

Әкесі сырттағы мәселелерін үйге әкелмей, үйге күліп кірсе болды. Ер азаматтан басқа ештеңе керек емес, – дейді ол.

Айта кетейік, Жорабаеваның қазіргі жолдасы Әлішер Есенғазин — Қостанай облысының тумасы. Әншіден екі жасқа кіші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға