Жаңалықтар

«Қыздар – қуыршақ қой». Жаңадан топ құрған Ерболат Беделхан қыздармен жұмыс істеу қиын екенін айтты

«Қыздар – қуыршақ қой». Жаңадан топ құрған Ерболат Беделхан қыздармен жұмыс істеу қиын екенін айтты
Фото: instagram.com/juzentertainment 02.10.2023 11:57 3311

«Ninety one» тобының экс-продюсері, «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан «Өзіміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында қыздармен жұмыс істеудің ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қыздармен жұмыс істеу қиын, жауапкершілігі мол. Қыз бала – нәзік. Ал мен қаталдау адаммын, жұмысқа келген кезде тіпті. Сондықтан Құдайға шүкір, әйелім маған көмектесіп жатыр. Жарым қыздардың ұстазы, бірге жұмыс істейміз, – деді ол.

Ерболат Беделхан қыздардың тобына «T’OI» деп ат қойған.

«T’OI» – біріншіден, түрік ой деген сөз. Екіншіден, той қазақтың әдемі болмысы. Біз сондай елміз. Баланың туғанынан адамның кеткеніне дейін дастархан жайып, тойлататын халықпыз. Қазіргі таңда өкінішке қарай, тойды бизнес деп айтты, арақ-шарапқа балап жіберді. Той деген керемет құндылықты жас қыздардың тілімен, көзқарасымен көрсеткім келеді. Себебі бұл жерде той – қарынның емес, көңілдің толуы. Үшіншіден, той сөзі ағылшын тілінен аударғанда ойыншық дегенді білдіреді. Қыздар – қуыршақ қой, – деді продюсер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға