Жаңалықтар

Қызанақты жиі пайдалануға бес себеп

Қызанақты жиі пайдалануға бес себеп
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.04.2024 04:19 2262

Көпшілік қызанақты көкөніс ретінде пайланғанымен, мамандар оның жеміс екенін айтады. Бірақ бүгінгі әңгіме ол туралы емес. Біз қызанақтың құрамындағы дәрумендер мен минералдар туралы сөз етпекпіз. Қызанақты шикі күйінде де, пісірілген күйде тұтынса да оның денсаулыққа пайдасы орасан. Осы орайда OBOZ.UA қызанақты көбірек пайдаланудың бес себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызанақ А және С дәрумендері, калий және фолий қышқылы сияқты қоректік заттардың тамаша көзі болып табылады. Сонымен қатар бұл жеміс сондай-ақ ликопен, бета-каротин, лютеин, фитотин және флавоноидтарды қамтитын каротиноидтар сияқты фитохимиялық заттарға бай.

Бұл жүрек-тыныс алу жүйесінің денсаулығын жақсартуға және соқырлықтың алдын алуға көмектесетін дәрумендер мен минералдарға бай.

Теріге пайдасы

Қызанақтың құрамында ликопен бар, тиісінше ол теріні Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды. Сондықтан қызанақты неғұрлым көбірек тұтыну бет терісінің зақымдануының алдын алады.

Қызанақты күнделікті рационға қосу бет терісінің тозуын кешеуілдетеді.

Қызанақты теріге тікелей жағу безеудің алдын алуға, тері тесігін қатайтуға, күннің күйіп қалуын емдеуге және қартаю белгілерін азайтуға көмектеседі.

Сүйектерге пайдасы

Қызанақ кальций мен К дәруменіне бай, сондықтан оны диетаға қосу сүйектеріңізді берік етеді.

К дәрумені мен кальций сүйектер мен сүйек тіндерінің аздап қалпына келуіне көмектеседі. Қызанақта көп кездесетін ликопен де сүйектерді қорғайтын антиоксидант болып саналады.

Қызанақтың кез келген түрін аз тұтынатын адамдардың сүйегі, оны көп тұтынатын адамдарға қарағанда, сынғыш келеді екен.

Ас қорытуға көмектеседі

Қызанақ ас қорыту жүйесі мен бауыр жұмысын жақсартады деп саналады, өйткені олар іш қатуға қарсы тұруға көмектесетін талшыққа бай.

Олар сондай-ақ сарғаю синдромының алдын алатыны және ағзадан токсиндерді шығаратыны белгілі.

Зерттеулер көрсеткендей, қызанақтың пробиотикалық қасиеттері бар, яғни олар ішектегі бактериялардың белсенділігін арттырып, тиісінше ішек жұмысын жақсартады.

Артық салмақтан арылу

Қызанақ – диета ұстайтын адамдар үшін таптырмас өнім. Олар карнитин деп аталатын амин қышқылының өндірісін ынталандыру арқылы майдың ыдырауын жылдамдатады.

Қызанақтағы еріген талшық калорияларды тұтынуды азайтупа пайдасы зор, бұл өзіңізді ұзақ уақыт бойы тоқ сезініп жүруге әсер етеді.

Бұл сіздің тамақ жеуге деген құштарлығыңызды төмендетіп, салмақ жоғалту туралы бастамаңызға көмектеседі.

Иммунитетті күшейтеді

Антиоксидант ликопен бос радикалдармен, яғни иммундық жүйеңізге әсер ету арқылы жасушаларыңызды зақымдайтын молекулалармен күреседі.

Ликопенге бай тағамдарды жеу қатерлі ісікке бейімділікті төмендетуі мүмкін. Кейбір зерттеулер олардың тіпті аурудың алдын алуға көмектесетінін көрсетеді.

Қызанақтың құрамындағы С дәрумені стресс гормондарының көбеюін бақылайды және денеңізді сергек және сау ұстайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға