Жаңалықтар

Қыз зорлаған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды

Қыз зорлаған Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды
Фото: zhetysu.gov.kz 15.11.2023 15:00 3003

Талдықорған полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаев түрмеге қамалды. Оған 27 жастағы қызды зорлаған деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды, деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталғаны туралы жазған едік. Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, «Қыз зорлау» бабы бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға