Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полиция басшысына қатысты сот басталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
28.02.2024 17:28
1138
Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр. Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға қоғамның наразылығын тудырған еді.
Еске салайық, Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырған» еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді