Жаңалықтар

Қыз-келіншектердің ер азаматтардан әбден көңілі қалған – Жандарбек Бұлғақов

Қыз-келіншектердің ер азаматтардан әбден көңілі қалған – Жандарбек Бұлғақов
Фото: instagram.com/olensoz_kz 22.04.2024 14:18 2024

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қыздар қауымының жігіттерге деген өкпесі қара қазанда екенін айтты. Ақын әлеуметтік желіде әзіл ретінде сауалнама жүргізіп, екі тараптың пікірін жариялауды жоспарлайды. Жандарбек Бұлғақовтың айтуынша, әзіл ретінде басталған дүние көп мәселенің бетін ашқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жігіттер «қыздар неге қалада тұрғысы келеді?» деген сыңайдағы сұрақтар жіберіп жатқан, ал қыздардың сұрақтары деген түйеден түскендей. Мына заманда қазақтың қыздары ер азаматтардан бір бас жоғары ойланатын секілді. Қыз-келіншектердің өкпесі қара қазандай. Біреудің әкесіне, біреудің күйеуіне айта алмай жүрген сөздері оқыдым. Неге дегенде, «күйеуім тапқан табысын бұлдайды, қарыздарын мен төлеп жүрмін, туған-туыстарын оқытып жатырмыз, тіпті баласына көңіл бөлмейді» деп қоғамдық мәселені төңкеріп тастады. Әуел баста қыздардың сауалдарын жариялап қойғанмын, тең болсын деп жігіттердің де айтқаны көпшіліктің назарына ұсынайын десем, болмайтын әзіл, болмайтын сөз. Екеуі бір-біріне сәйкес келмейді, жариялайын десең болмайды, жарияламайын десең, салатынымды айтып қойғанмын. Байқағаным, қыз-келіншектердің ер азаматтардан көңілі әжептеуір қалған екен, - деді Жандарбек.

Ақын оқырманының тағы бір оқиғасын мысал келтірді.

Өткенде жер сілкінісі болды ғой. «Жер сілкінген сәтте күйеуім күртесін алып далаға қашты, екі баламен үйде қалып қойдық. Әрі қарай бұл ер азаматпен тұрамын ба, тұрмаймын ба деген сұрақ тұр. Даурығып жүгіріп кеткен шығар деймін, күйеуім ғо деп жақындайын десем, біртүрлі күмән бар, қиын сәтте лақтырып кететін секілді» деп жазыпты, - дейді ақын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға