Жаңалықтар

Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім

Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Фото: instagram.com/mussilim= 24.11.2024 08:36 121

Танымал актер әрі жүргізуші Тәуекел Мүсілім қыз баланың әкесі атанғысы келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол қыз баланың әкесі болудың қандай екендігін сезінгісі келетінін алға тартты.

Қызым болғанын қалаймын. Достарым қыздың әкесі болу мүлде бөлек сезім екенін айтып жатады. Қызың дүниеге келгенде әйелдің жанын түсіне бастайсың дегенді айтады. Мен де соны сезініп көргім келеді. Махаббаттың денсаулығы жақсы болса, тағы 4-5 жылдан соң төртіншісіне тырысып көреміз. Сол уақытта да қыз бұйырмай жатса, сонымен тоқтайтын шығармыз, - деді ол.

Қазір актердің үш ұлы бар. Олар үшінші ұлының гендер-патиін АҚШ-та жасаған.

Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Үш бар жерде күш бар, бізде үшінші батыр болады. Алақай! ...Қыз болмағанша тоқтамаймыз (қалжың), сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз, - деп әзілдеген сол кезде Тәуекел Мүсілім. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға