Жаңалықтар

"Қыз балаға зат сияқты қараймыз". Ринат Зайытов әйелі мен балалары туралы айтып берді

"Қыз балаға зат сияқты қараймыз". Ринат Зайытов әйелі мен балалары туралы айтып берді
Фото: Видеодан кадр 17.10.2023 14:30 1749

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жұбайы мен балалары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат берген Ринат Зайытов отбасы туралы көптің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Ринат мырза, біздің түсінігімізде депутаттың әйелі шалқып өмір сүреді. Ал ақынның әйелі сәл қиындықта өмір сүруі мүмкін. Ал ақын әрі депутаттың әйелі қалай өмір сүреді екен?, - деп сұрады тележүргізуші депутаттан.

Өзінен сұрау керек шығар. Мен қайдан білемін. Жоқ, Құдайға шүкір, қандай жағдай болса да қасымда. Ең бастысы сол. Оған меніңкі дұрыс па, бұрыс па қызық емес. Қай уақытта да меніңкі дұрыс болады, - деп жұбайының әркез қолдайтынын айтты.

Ел арасында "Ринаттың балалары шетелде оқи ма?" деген сөз тарағанын айтып, депутаттан балаларының білімі туралы сұрады.

Балалар алды 18-ге толады, ең кішісі 5-те. Қазақстанда оқымағанда, басқа қайда оқиды? Үлкен қызым Айша оқуға түсетін кезде шетелге кеткісі келетінін айтты. Бірақ, мен шетелге текке ақша құймайтынымды, грантқа түсе алса, оқуына кедергі жоғын айттым. Қыз балаға шетел керемет болып көрінеді, бірақ қиыншылығын байқамайды. Сонымен, өзі таңдап, осы Астанадағы университеткі түсті, дейді Ринат Зайытов.

Сондай-ақ Ринат Зайытов қыз баланы қадірлеуге қатысты ойымен бөлісті.

Бұрын қыз баланы ұлттың анасы деп, бір ру мен елдің атын берген. Бір рудың атын берген соң қазақтың қыз баланы, әйел адамды қалай қадірлегенін түсіне беріңіздер. Қазақ мұндай болған жоқ, сенбеймін. Қыз балаға зат сияқты қарау патша үкіметінен қалған секілді. Бәлкім, біздің көп ұсақталып жатқанымыз да содан шығар, - дейді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға