pixabay.com

Қытымыр аяз сақталатын аймақтар белгілі болды

Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт суытып, кей аймақтарда қатты аяз күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, түнде температура –20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, кей жерлерде бұрқасын соғады.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы:

  • Солтүстікте: түнде -5…-12°С, күндіз –0…-6°С;
  • Солтүстік-батыста: түнде -2…-10°С, күндіз –0…-5°С;
  • Орталықта: түнде -3…-13°С, күндіз -6…+3°С;
  • Шығыста: түнде –8…-20°С, күндіз –0…-10°С.

Елдің басқа өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.