Қытайлық 300 жылдық фитнес-абонементтерге 870 мың юань жұмсап, алданып қалды
Қытайдың Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы) ер адам 870 мың юаньнан (шамамен 65 миллион теңге) астам қаржы жұмсап, 300 жылға арналған фитнес-абонементтерді сатып алған. Ол бұл карталарды кейін қымбатырақ бағада сатып, пайда табуды көздеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ер адам жалпы 26 келісімшартқа қол қойған. Алайда спортзалдың әкімшісі ақшамен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен.
Зардап шеккен азаматтың айтуынша, ол осы залға үш жыл бойы барып жүрген. Басшылық оған «инвестициялық акция» ұсынған. Абонементтің жылдық құны 8 888 юань болса, оны жаңа клиенттерге 16 666 юаньға қайта сата алады деген. Келісім бойынша зал 10% үстемені өзіне қалдырып, қалған табыс клиентке берілуі тиіс еді.
Бірақ қазанның ортасында ақшасын қайта алуы керек болған кезде, ол өзінің алданғанын түсінді. Себебі спортзал басшылығы мен қызметкерлері ұшты-күйлі жоғалып кеткені белгілі болды.

